Академиялық құжаттарды растау үшін блокчейн технологиясын қолдану
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ce.2025.i1.06Ключевые слова:
блокчейн, академиялық деректер, децентрализация, блокчейн платформалары, ақылды келісімшарттар, академи-ялық сертификаттарды тексеру, қауіпсіздік және ашықтық, алаяқтықтың алдын алуАннотация
Цифрландыру мен ашықтыққа негізделген жаңа ортаға көшу жағдайында өзгерістерге әсер ететін критерийлерді айқындау қажеттілігі туындайды. Білім – қоғам өмірінің ажырамас бөлігі. Ол қазіргі заманғы жаһандық тәртіптің маңызды элементі болып табылады және бүгінде цифрлық сала білім беру жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігіне айналды. Диплом алған түлектер өз білімдері мен дағдылары арқылы қоғамның дамуына елеулі үлес қосады. Алайда соңғы уақытта жалған сертификаттар мәселесі алаңдатарлық деңгейге жетті. Мұндай құжаттардың түпнұсқалығы мен дұрыстығын тексеру сенімді жүйелерді қажет етеді. Орталықтандырылмаған және қауіпсіз құрылымының арқасында блокчейн технологиясы білім беру саласында, әсіресе академиялық деректерді тексеру бағытында туындайтын көптеген мәселелерге сенімді шешім ұсына алады. Қолмен тексеруге немесе үшінші тарап қызметтеріне сүйенетін дәстүрлі тәсілдерден айырмашылығы, блокчейн технологиясы орталықтандырылмаған әрі өзгермейтін тізілімге негізделген сенімді балама ұсынады. Дегенмен, академиялық деректерді тексеру мақсатында блокчейнді енгізу мәселесі әлі де зерттелу үстінде. Бұл бағытты тереңірек түсіну үшін осы мақалада блокчейнге негізделген академиялық сертификаттарды тексеру жүйелері туралы жазылған әдебиеттерге жан-жақты шолу жасалынды.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2025 Computing & Engineering

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>
