Цифрлық оқытудағы UI/UX жақсартуға арналған геймификация әдістері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ce.2024.i4.05Ключевые слова:
UI/UX дизайн, пайдаланушы оқуы, цифрлық қосымшалар, білім беру, технологиялар, геймификацияАннотация
Пайдаланушы интерфейсінің (UI) дизайны цифрлық білім беруде маңызды рөл атқарады, ол пайдаланушының қызығушылығы, когнитивтік жүктемесі және оқу тиімділігіне тікелей әсер етеді. Нашар ойластырылған интерфейстер түсінбеушілікке, мотивацияның төмендеуіне және дағдылардың баяу дамуына әкелуі мүмкін, ал жақсы құрылымдалған пайдаланушы интерфейсі қолжетімділік пен ыңғайлылықты арттырады. Білім беру платформаларындағы UI/UX жақсартудың тиімді әдістерінің бірі – пайдаланушылардың қызығушылығын арттырып, оқуды жеңілдетуге және цифрлық өзара әрекеттесуді интуитивті етуге бағытталған ойын элементтерін енгізетін геймификация. Бұл зерттеу геймификацияланған UI дизайнының когнитивтік жүктемені азайту және пайдаланушы тәжірибесін жақсарту үшін қалай жұмыс істейтінін қарастырады. Ол үшін прогресті бақылау, марапаттау жүйесі, тапсырмалар және интерактивті элементтер сияқты мүмкіндіктер қарастырылады, олар пайдаланушыларды оқу материалдарымен белсенді жұмыс істеуге ынталандырады. Сонымен қатар, зерттеу геймификация стратегиялары табысты қолданылған түрлі қосымшаларды талдап, олардың білімді есте сақтау, мотивация және пайдаланушылардың ұзақ мерзімді қатысу деңгейін жақсартудағы тиімділігін зерттейді. Зерттеу аясында геймификацияланған оқытудың психологиялық аспектілері де қарастырылады, атап айтқанда, мақсат қою, кері байланыс циклдары және бәсекелестік элементтері білім беру процесін қалай жақсарта алатыны көрсетіледі. UX/UI қағидаттарын геймификация стратегияларымен ұштастыра отырып, бұл зерттеу білім беру платформаларын неғұрлым тиімді, тартымды және пайдаланушыға ыңғайлы етуге ұмтылатын дизайнерлер, оқытушылар және әзірлеушілер үшін құнды мәліметтер ұсынады.Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қолайлылық (юзабилити), мотивация және интерактивтіліктің теңгерімді үйлесімі тек оқу нәтижелерін жақсартып қана қоймай, сонымен қатар оқыту процесін анағұрлым қызықты әрі тартымды етіп, пайдаланушылардың дағдыларын дамытуға және платформаның ыңғайлылығын арттыруға ықпал етеді.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2024 Computing & Engineering

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>