Ішкі бәсекелестігі бар жыртқыш-жемтіктің математикалық моделі туралы

Авторы

  • Ж.Н. Сейткулова Satbayev University, Қазақстан
  • А. Сакабеков Satbayev University, Қазақстан
  • Г.А. Тулешева Satbayev University, Қазақстан
  • К.Д. Мурзасаимова Satbayev University, Қазақстан
  • М.Д. Наукенова Satbayev University, Қазақстан

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ce.2024.i1.06

Ключевые слова:

жыртқыш-жемтік моделі, ішкі бәсекелестік, орнықты фокус, зиянкестер популяциясын бақылау, ресурстардың шектеулілігі, жүйе параметрлерін іздеу

Аннотация

Бұл мақала бұрынғы жұмыстарды қарастырылған жыртқыш-жемтік жүйесі мен Ферхульст теңдеуін зерттеудің жалғасы болып табылады. Бұл жұмыста жыртқыш-жемтік базалық жүйесінің көп кемшіліктерінің бірін қарастырдық, атап айтқанда жыртқыштың бастапқы нөлдік мәндерінде  жемтіктердің популяциясының саны үнемі өспейтінін ескердік, өйткені мұндай өсу нақты жағдайларда байқалмайды, себебі азық-түлік қоры шексіз емес және кез-келген популяцияның тіршілік ету ортасы шектеулі болады. Дәл осындай шектеулер жыртқыштар үшін ескерілуі керек. Сондықтан жем базасының және тіршілік ету ортасының шектеулілігін ескеру үшін теңдеулер жүйесіне Ферхюльст моделінің мүшелерін -cx2, -ry2 енгіземіз. Бұл мүшелер жыртқыштар мен жемтік моделінде азық-түлік қоры мен тіршілік ету ортасының шектеулігін ескереді. Сондай-ақ, нақты жағдайларда базалық модельді ішкі бәсекелестік моделінен қалай ажыратуға болатындығы туралы  практикалық кеңестер береміз. Бұл жұмыста нөлдік емес стационарлық жағдайдағы шешімдер қаралды. Жүйенің параметрлеріне байланысты жүйенің ерекше нүктесі-тұрақты фокусы немесе тұрақты түйіні болады. Бұл жұмыста тек ерекше нүктені - орнықты фокусты зерттейміз. Одан әрі жемтіктің тамақ базасының қорларын талдамай-ақ статистикалық деректердің көмегімен ішкі бәсекелестігі бар жыртқыш-жемтік  жүйесінің параметрлерін қалай анықтау керектігін көрсетеміз, бұл зерттеу шығындарын айтарлықтай азайтады. Phyton-да  дербес шешім мен осы жүйенің фазалық портреті алынды. Біздің тәжірибелік кеңестеріміз ауыл шаруашылығында кейбір зиянкестердің санын бақылау үшін пайдалы болады деп ойлаймыз.

Загрузки

Опубликован

2024-03-31

Как цитировать

Сейткулова, Ж. ., Сакабеков, А. ., Тулешева, Г. ., Мурзасаимова, К. ., & Наукенова, М. . (2024). Ішкі бәсекелестігі бар жыртқыш-жемтіктің математикалық моделі туралы. Computing &Amp; Engineering, 2(1), 32–39. https://doi.org/10.51301/ce.2024.i1.06

Выпуск

Раздел

Инновациялық есептеу жүйелері және инженерлік шешімдер