Этика

Жарияланым этикасы

"ҚазҰЗТУ/SU Хабаршысы" журналының редакциялық алқасы өз жұмысында Ғылыми жарияланымдардың этикасы бойынша комитеттің (Committee on Publication Ethics (COPE) халықаралық стандарттарын басшылыққа алады, сонымен қатар беделді халықаралық журналдардың бағалы тәжірибесін ескереді. 

Алға қойылған мақсатқа жету үшін жариялау үрдісіне қатысатын барлық тараптар, атап айтқанда авторлар, редакторлар, рецензенттер, баспагер мен ғылыми қоғам үшін этикалық тәртіп стандарттары белгіленеді.  

Редактордың міндеті

Жариялау туралы шешім қабылдау

Журналдың редакциялық алқасы журналда жарияланатын мақалаларды таңдау туралы шешімді қабылдау үшін жауап береді. Мұндай шешім зерттеушілер мен оқырмандар үшін қарастырылатын ғылыми жұмыстардың құндылығымен және маңыздылығымен расталуы тиіс.

Ғылыми мақалалардың жоғары сапасын қамтамасыз ету, қиянат етушіліктің (жалған ақпарат, деректерді бұрамалау, плагиат сияқты және т.б.) алдын алу және ғылыми жетістіктерді қоғамның мойындауы мақсатында редакциялық алқа және жариялау үрдісіне қатысатын тұлғалар халықаралық қоғамдастықтың этикалық құндылықтары мен стандарттарын құрметтеу және сақтау керек, сонымен қатар жоғарыда аталған бұзушылықтардың алдын алу үшін барлық тиянақты шараларды қабылдауы тиіс. 

Журналдың редакциялық алқасы құқыққа қарсы әрекеттерге және тәртіпке (плагиат, манипуляция. бұрамалау және т.б.) жол бермейді.

Құпиялылық

Журналдың редакциялық алқасы жағдайға тәуелді сәйкесінше автордан, рецензенттен, әлеуетті рецензенттен, редакциялық алқаның басқа мүшелері мен баспадан басқа, ұсынылған қолжазбадағы қандай да бір ақпаратты жариялауға жол бермейді. 

Төзімділік

Журналдың редакциялық алқасы келіп түскен қолжазбаны ұсынған тұлғаның нәсіліне, жынысына, сексуалды бейімделуіне, діни көзқарасына, этникалық тиістілігіне, азаматтығына немесе саяси философиясына негізделіп бағалауға жол бермейді. 

Мүдделердің қақтығысы

Қолжазбада келтірілген жарияланбаған материалдар автордың жазбаша келісімінсіз редактордың өзіндік зерттеулерінде қолданылмауы керек. Жарияланбаған материалға қатысты кез келген ақпарат құпия болып қалады.

Редакциялық алқаның кез келген мүшесі кез келген автормен, компаниямен, мекемемен (мүмкін) бәсеке, біріккен немесе басқа да байланыстың нәтижесінде пайда болатын мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін қолжазбаны қарастырудан бас тартуы керек немесе осындай қолжазбаны редакциялық алқаның басқа мүшесіне, редактордың көмекшісіне қарастыру үшін жіберуі керек.

Жарияланған мақалада келтірілген мәліметтер немесе қорытындылар қате екендігін дәйекті дәлелдеген редакциялық алқаның кез келген мүшесі  баспагермен (және/немесе ғылыми қоғаммен) келісе отырып, түзетілген мақаланы, мәліметтерді терістеу туралы ақпаратты немесе басқа да ескертуді дереу жариялауы қажет.

Ұсынылған қолжазбаға немесе жарияланған мақалаға қатысты этика бойынша шағым келіп түскенде, журналдың редакциялық алқасы баспагермен немесе ғылыми қоғаммен бірге тиянақты жауап шараларын қабылдауы тиіс. 

Ретракциялау

Егер автор немесе авторлар ұжымы мақаланы кері қайтаруға негіздеме жасаса, олар редакцияға өз шешімінің себебін түсіндіріп жолығуы керек. 

Егер редакция өз сараптамасының негізінде мақаланы кері қайтару туралы шешім қабылдаса, шешім туралы авторды немесе авторлар ұжымын ескертуі керек.

Мақаланы кері қайтару туралы шешім қабылдап, редакция ретракция себебін (плагиат болса, көшіріп алу дереккөздерін көрсетеді) және ретракциялау күнін көрсетуі тиіс. Мақала журналдың сайтында қалады, бірақ оның электронды нұсқасына КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ/RETRACTED және ретракциялау күні жазылады, бұл белгі шығарылымның мазмұнында да көрсетіледі. 

Мақаланы кері қайтаруға негіздеме: мақалада көшіріп алуды/плагиатты табу; мақаланы бірнеше басылымда шығару; еңбекте жалған ақпарат табу (мысалы, эксперименталды деректерді бұрмалау); еңбекте күрделі қателерді табу  (мысалы, нәтижелерді қате түсіндіру); авторлардың қате құрамы; мүдделер шиеленісін жасыру (және басқа этикалық бұзушылықтар); автордың келісімінсіз мақаланы қайта жариялау.

Рецензенттің міндеті

Рецензиялау редакциялық алқамен редакциялық шешімдерді қабылдауды көмектесуге арналған. Рецензиялау жариялау үрдісінің маңызды құраушысы болып табылады. Журнал "соқыр" рецензиялау тәсілін қолданады.

Қарастыру үшін алынған кез келген қолжазба құпия құжат ретінде қабылданады.

Рецензиялау объективті болуы керек. Автордың атына кез келген критикаға орын жоқ.

Ұсынылған қолжазбада келтірілетін жарияланбаған материалдар автордың жазбаша келісімінсіз рецензенттің өзіндік зерттеулерінде қолданылмауы тиіс. Жарияланбаған материалға қатысты кез келген ақпарат құпия болып қалады. 

Мақалаға қатысты кез келген автормен, компаниямен немесе мекемемен бәсекелестік, ынтымақтастық немесе басқа да қарым-қатынастан шығатын мүдделер қақтығысы туындайтын жағдайда рецензент қолжазбаны қарастырудан бас тартуы керек. 

Автордың міндеті

Автор немесе авторлар ұжымы бұрын жарияланбаған, түпнұсқалық материалдарды ұсынуы керек.  Қолжазбаның авторы ғылыми жұмыстың дәйекті нәтижелерін ұсынуы керек.

Автор немесе авторлар ұжымы мақаланы жазу барысында басқа авторлардың еңбектерінен үзінділерді және/немесе мәтіндерді алған болса, қолжазбада мәтін бойынша сәйкесінше сілтемелер көрсетілуі керек. 

Басқа автордың жұмысын көшіруден бастап, басқа біреудің мақаласындағы мәтінді өз сөзімен айтып жазу (түпкі авторын көрсетпей) мен келтірілген зерттеулерді өз атынан шығаруға дейін плагиаттың түрі көп болады. Кез келген осындай түрдегі плагиат этикаға сәйкес келмейтін тәртіп ретінде танылады және мұндай тәртіпке жол берілмейді.

Автор немесе авторлар ұжымы атынан бір қолжазбаны (кейде түрлі тілде) бірнеше журналдарға бір уақытта  жіберу этикаға сәйкес келмейтін тәртіп ретінде танылады және мұндай тәртіпке жол берілмейді.

Қолжазбада басқа жұмыстарға барлық қажетті сілтемелер жасалуы керек.

Корреспондент автор барлық қосалқы авторлар мақалаға қосылғандығын қамтамасыз етуі керек. Мақалада жөнсіз авторлар болмауы керек.

Бар болса, автор немесе авторлар ұжымы қаржыландыру көзін көрсетуі керек.

Автор немесе авторлар ұжымы жарияланған еңбекте табылған қателік немесе дәлсіздік туралы редакторды немесе баспагерді кері қайтару және түзету үшін дереу ескертуі керек. 

Баспагердің міндеті

Баспагер ғылыми жарияланымдардың этикасы бойынша Комитеттің (Committee on Publication Ethics (COPE) халықаралық стандарттарын басшылыққа алады, сонымен қатар беделді халықаралық журналдардың бағалы тәжірибесін ескереді.