Спутниктік және мобильді желілердің өзара байланысы: деректерді беру жылдамдығы мен өткізу қабілетін салыстырмалы талдау
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ce.2024.i2.05Ключевые слова:
ғарыштық байланыс жүйесі, мобильді желі, спутниктік байланыс, ақпарат беру жылдамдығы, модуляция әдісі, π/4-DQPSK, жиілік диапазоны, антенна-фидерлік жүйе, атмосфералық әлсіреу, энергетикалық тепе-теңдік, байланыс жүйесінің тиімділігіАннотация
Бұл мақалада ғарыш аппаратынан жердегі станциялар желісіне ақпарат беру жүйесінің негізгі параметрлерін есептеу әдістемесі қарастырылады. Зерттеу барысында мобильді және спутниктік байланыс жүйелерінің даму ерекшеліктері, олардың өзара толықтырылуы және техникалық сипаттамалары талданды. Ақпарат беру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүйенің жиілік диапазоны, модуляция түрі, антенна-фидерлік жүйедегі шығындар және атмосфералық әсерлер ескеріліп, қажетті есептеулер жүргізілді. Қолданылатын жиілік диапазоны ретінде 7–8 ГГц ауқымы таңдалып, нақты жұмыс диапазоны 7,25–7,30 ГГц аралығында анықталды. Модуляция әдісі ретінде π/4 радиан фазалық жылжуымен дифференциалды квадратуралық-фазалық модуляция (π/4-DQPSK) қолданылды. Есептеу нәтижелері бойынша қажетті жиілік жолағының ені 5 МГц құрады, ал антенна-фидерлік жүйедегі жиынтық шығындар мен атмосфералық әлсіреу ескерілді. Жүргізілген зерттеу нәтижелері мобильді және спутниктік байланыс жүйелерін жобалау мен оңтайландыру үшін әдістемелік негіз бола алады.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2025 Computing & Engineering

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>
