Құпия электрондық аукцион жүйелері үшін блокчейнді қолдайтын нөлдік білімнің дәлелі

Авторы

  • A. Ахмедов Satbayev University, Қазақстан
  • Т. Хафиз Satbayev University, Қазақстан
  • A. Разак Satbayev University, Қазақстан
  • Ж. Кальпеева Satbayev University, Қазақстан

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ce.2024.i2.02

Ключевые слова:

децентралданған жүйелер, ZKP, хэштеу, блокчейн, аукцион

Аннотация

Блокчейн технологиясы салыстырмалы түрде жаңа болғанына қарамастан, қазіргі қоғамға сәтті енгізілді. Децентралданған жүйелер (ДЖ), әсіресе блокчейн желілері, деректерді сақтау мен тасымалдаудың қауіпсіздігі мен құпиялылығы мәселелерін алға тартып, пайдаланушылардың қызығушылығын арттыруда. Блокчейннің болашағы зор қолдану салаларының бірі – аукциондарды ұйымдастыру, мұнда қатысушылар өз тауарлары мен қызметтерін толықтай құпия және әділ түрде сата алады. Бұл жұмыста децентралданған жүйеде Zero-Knowledge Proofs (ZKP) технологиясын пайдалана отырып аукцион моделін ұсыну қарастырылған. Оған zk-SNARK, zk-STARK және Bulletproofs әдістері кіреді. Бұл тәсілдер қатысушыларға өз ставкаларының дұрыстығын олардың мазмұнын ашпай растауға мүмкіндік береді. Деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи криптографиялық әдістер – хэштеу (SHA-256, SHA-3), эллиптикалық қисықтар (ECC), асимметриялық шифрлау (RSA) және цифрлық қолтаңбалар қолданылады. Жұмыстың эксперименттік бөлігінде ұсынылған жүйенің өнімділігіне назар аударылып, желілік жүктеме мен есептеу шығындарын модельдеу үшін кезек теориясы қолданылды. Нәтижелер ұсынылған модельдің жоғары деңгейдегі құпиялылық пен кеңейтілу мүмкіндігін қамтамасыз ететінін көрсетеді, бұл оны нақты қолданбалар үшін тиімді етеді.

Загрузки

Опубликован

2024-06-30

Как цитировать

Akhmedov, A. ., Khafiz Т. ., Razaque, A. ., & Kalpeyeva, Z. . (2024). Құпия электрондық аукцион жүйелері үшін блокчейнді қолдайтын нөлдік білімнің дәлелі. Computing &Amp; Engineering, 2(2), 8–15. https://doi.org/10.51301/ce.2024.i2.02

Выпуск

Раздел

Сандық технологиялар және бағдарламалық шешімдер