Гибридті криптографияны қолдану арқылы бұлттағы файлдарды қауіпсіз сақтау жүйесі
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ce.2024.i2.01Ключевые слова:
бұлттық қауіпсіздік, гибридті криптография, AES-256, RSA алгоритмі, SHA-256, деректер тұтастығы, қауіпсіз бұлттық сақтауАннотация
Бұл мақала бұлттық платформаларда сақталатын құпия деректерге рұқсатсыз қол жеткізу мәселесін қарастырады. Мұндай деректер көлемінің артуына байланысты олардың құпиялылығы, тұтастығы және қолжетімділігі күн санап маңызды бола түсуде. Зерттеу жұмысы жетілдірілген криптографиялық әдістерді біріктіре отырып, қауіпсіз бұлттық сақтау жүйесін ұсынады. Атап айтқанда, деректерді тиімді шифрлау үшін AES-256 алгоритмі қолданылады, ал рұқсат етілген пайдаланушылар ғана деректерге қол жеткізе алуы үшін RSA алгоритмі арқылы кілттерді басқару жүзеге асырылады. Қауіпсіздікті одан әрі күшейту мақсатында деректердің бұрмаланбауын тексеру үшін шифрлау алдында және шифрдан шығару кейін Secure Hash Algorithm (SHA-256) алгоритмі арқылы хэш мәндері жасалады. Ұсынылған шешім рұқсатсыз қол жеткізу мен деректердің өзгертілуіне қарсы сенімді қорғанысты қамтамасыз етіп, бұлттық файлдық сақтау жүйесі үшін берік негіз қалыптастырады. Осы әдістерді үйлестіру арқылы зерттеу бұлттық ортадағы құпия деректерді қорғау жөніндегі жұмыстарға үлес қосып, киберқауіпсіздік қатерлерінің үнемі өзгеріп отыратын жағдайында заманауи криптографиялық шараларды қолданудың маңыздылығын айқындайды.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2025 Engineering Journal of Satbayev University

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>
